«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1260 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1260 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мәдениет саласын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 44, 583-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

2-тармақтың 2) тармақшасындағы және 4-тармақтағы «, ақпарат және спорт» деген сөздер «және ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақта:

«А.С. Есімовке» деген сөздер «К.Қ. Мәсімовке» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасында:

«1. Бағдарламаның паспорты» деген бөлімде:

«Бағдарламаны әзірлеуші» деген жолдағы «, ақпарат және спорт» деген сөздер «және ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын;

«5. Негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі» деген бөлімде:

«5.2. Саланың инфрақұрылымын дамыту және басқару нысандарын жетілдіру» деген кіші бөлімнің алтыншы абзацы «беру» деген сөзден кейін «, сондай-ақ мәдениет саласында жеке меншік секторды дамыту» деген сөздермен толықтырылсын;

«5.4. Өнерді және дарынды тұлғалардың қызметін дамытуға жағдай жасау» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Шығармашылықты дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында шығармашылық қайраткерлерді, дарынды музыканттар мен орындаушыларды мемлекеттік қолдау жүйесі жетілдірілетін болады.»;

«8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген бөлімде:

бүкіл мәтін бойынша 4-бағандағы «МАСМ» деген аббревиатура «MAM» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

«2. Сала инфрақұрылымын дамыту және мәдениет объектілерін басқару нысандарын жетілдіру» деген кіші бөлімде:

реттік нөмірі 7-жолда:

2-бағандағы «Қазақстан бойынша» деген сөздерден кейін «және шет елдерде» деген сөздермен толықтырылсын;

6-бағандағы «Барлығы: 217,0», «2007 ж. - 73,5» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 287,6», «2007 ж. - 144,1» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 8-жолда:

6-бағандағы «Барлығы: 372,0», «2007 ж. - 126,0» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 392,1», «2007 ж. - 146,1» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 9-жолда:

6-бағандағы «Барлығы: 42,1», «2007 ж. - 15,0» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 37,7», «2007 ж. - 10,6» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 10-жолда:

6-бағандағы «Барлығы: 290,1», «2007 ж. - 96,7» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 324,0», «2007 ж. - 130,6» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 10-1, 10-2, 10-3-жолдармен толықтырылсын:

«

»;

«3. Кадрмен қамтамасыз ету және біліктілікті арттыру» деген кіші бөлімде:

реттік нөмірі 11-жолда:

6-бағандағы «Барлығы: 40,0», «2007 ж. - 10,0» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 121,7», «2007 ж. - 91,7» деген сөздермен ауыстырылсын;

«4. Өнерді және дарынды тұлғалардың қызметін дамыту үшін жағдай жасау» деген кіші бөлімде:

реттік нөмірі 15-жолда:

6-бағандағы «12,0» деген сандар «10,0» деген сандармен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 18-жолда:

6-бағандағы «2007 ж. - 25,8» деген сөздер алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 19-1, 19-2, 19-3, 19-4, 19-5, 9-6, 19-7, 19-8, 19-9, 19-10-жолдармен толықтырылсын:

«

»;

«5. Халықаралық ынтымақтастық және қазақ өнерінің үздік жетістіктерінің шет елдердегі тұсаукесері» деген кіші бөлімде:

реттік нөмірі 22-жолда:

6-бағандағы «74,7,», «2007 ж. - 25,3» деген сөздер тиісінше «71,3,», «2007 ж. - 21,9» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 32-жолда:

6-бағандағы «45,4,», «32,7» деген сандар тиісінше «32,7,», «20,0» деген сандармен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 33-жолда:

6-бағандағы «20,0» деген сандар «12,7» деген сандармен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 34-1, 34-2, 34-3, 34-4-жолдармен толықтырылсын:

«

»;

«6. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету» деген кіші бөлімде:

реттік нөмірі 35-жолда:

6-бағандағы «Барлығы: 1822,7», «2007 ж. - 535,0» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 2387,7», «2007 ж. - 1100,0» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 36-жолда:

6-бағандағы «30,0», «20,0» деген сандар тиісінше «18,1», «8,1» деген сандармен ауыстырылсын;

«7. Саланы ақпараттық қамтамасыз ету» деген кіші бөлімде:

реттік нөмірі 37-жолда:

6-бағандағы «9,0» деген сандар «7,0» деген сандармен ауыстырылсын, «2007 ж. - 2,0» деген сөздер алынып тасталсын;

реттік нөмірі 38-жолда:

6-бағандағы «Барлығы: 45,4, оның ішінде: 2007 ж. - 23,0» деген сөздер алынып тасталсын;

реттік нөмірі 39-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

»;

реттік нөмірі 40-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«2008 ж. - 2,0; 2008 ж. - 5,0; 2008 ж. - 5,0»;

«Республикалық бюджеттен жиыны» деген жолдағы 6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Барлығы: 5597,8,

оның ішінде:

2006 ж. - 1503,0

2007 ж. - 2591,8

2008 ж. - 1604,3»;

ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:

«МАСМ - Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«MAM - Мәдениет және ақпарат министрлігі».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.